Меню KDT

Новости

Главная Новости

« НҰР СЕБЕЛЕ, ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ» атты өткізілген іс-шара

Астана қаласы №51 мектеп-гиназиясында  2018 жылдың 21 сәуірінде
  « НҰР СЕБЕЛЕ, ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ» атты өткізілген іс-шараға 
Іс-шараның  өтілу  орны: №51 мектеп-гимназиясының алаңы.
Іс-шараның  мақсаты:
            Қазақстан Республикасы  Президентінің  «Болашаққа  бағдар:  Рухани жаңғыру»  бағдарламасында  көзделген  негізгі  мақсаттарға  қол  жеткізу  және  Ұлыстың  Ұлы  күні  наурыз  мейрамының  сан  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  ұлттық  құндылықтарын, адам  мен  табиғаттың  жарасымына  негізделген  дәстүрлерін  өркендету  мен    жаңғырту, қазақ  халқының  байырғы, ізгілікті  ұлттық  салттарын  мейлінше  насихаттау, еліміздегі этностардың  мәдени  келбетін танытатын  халықтық  мұраларына  мән беру.
Наурыз - татулық пен бірліктің, еңбектің, ізгіліктің мерекесі. Жыл басы  болып саналатын еліміздің дәстүрлі мерекесін жыл сайын тойлап отыру барлығымыздың салт-дәстүрімізге айналған. Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным ұғымдарының үлгілері өте көп. Міне, осындай қасиеті бар мереке Астана қаласының №51 мектеп-гимназиясында жалғастығын тауып, ерекше тойланды. Бұл Ұлы тойға  мекеме қызметкерлері, мектеп ұжымы, ата-аналар мен оқушылар қуана кірісті. Салтанатпен бой көтерген ақшаңқан киіз үйлер,  оқушылардың  түрлі  саладағы  жетістіктері мен  қолөнер  бұйымдары  қонақтардың көңіліне қуаныш сыйлады. Мектеп алаңына орналасқан сахна төрінде салтанатты мерекенің тұсаукесерін мектебіміздің директоры Дүйсенова Күнімхан Смағұлқызы бастап, құрметті қонақтар мен ата-аналарға деген қунышты ізгі ниетін білдірді. Сонымен қатар қалалық ардагерлер кеңесінен Абдікадырова Ғалия Махмудқызы, Бекжанов Саят,   Капашева Баян, Халықаралық республикалық өнер байқауының лауреаты, филармония әншісі Дәстүр Асылхан, Қоғамдық қор « Алдаспан» батырлар қорының президенті Күлән Тұрысбекқызы, «Жас Отан» қанатының төрағасы Д.М. Сүндетбаев, Астана қаласы Жасұлан ұйымының атқарушы төрағасы Амангелді Нұрланұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, прозашы әрі дарынды драматург Баянғали Әлімжанов сияқты құрметті қонақтар шақырылып, оқушылар мен ата-аналарға алғыс-баталарын берді.  «Шашу» би тобының ұйымдастырылуымен басталған Нарыз мерекесінде әртүрлі ұлттық тағылымы бар  қойылымдар,   театрланған көріністер, мерекелік концерттер және ұлттық спорт ойындары (арқан тарту, қазақша күрес, дойбы, шахмат,  т.б.спорттық шаралар ) сияқты көптеген шаралар ұлы тойды думандатып жатса,  екінші жағынан жақсы тілектер, құттықтаулар, кешірім жасау, табысу сияқты қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпаққа үлгі алар жақсы өнегелердің сан түрі өтіп жатты. Наурыз мерекесіне тән көпшілікке нарыз көже дайындалып, қонақтарға ұсынылды. Сонымен қатар түрлі түсті қазақтың ұлттық тағамдарына толған салтанатты мерекелік дастархандар кеңінен жайылды.
Әр адамды саналылыққа, көргенділікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, ізгілік пен білімділікке баурайтын Наурыз мерекесі өте көңілді және берекелі де мерекелі өтті.  Тойға жиналған қонақтар өздерінің шексіз алғыстарын білдіріп, ризашылықпен тарасты.
















 
 

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны