Қазақстан халықтарының бірлігі күні аясында мектебіміздегі «Бір шаңырақ астында» фестивалі аясында 5 сынып оқушылары арасында сайыс өткізілді
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні аясында мектебіміздегі «Бір шаңырақ астында» фестивалі аясында 5 сынып оқушылары арасында сайыс өткізілді. Сайыстың шартына сай әр сынып бір ұлтты таңдап, визиткалық карта дайындауы керек болатын. Қызу тартысқа болы болған сайыстың нәтижесінде Венгр халқының өкілдері 5 «Е» сыныбы – бас жүлдеге, азербайжан халқының өкілдері 5 «В» сыныбы – 1 орынға, кавказ халқының өкілдері 5 «Д» сыныбы – 2 орынға, қазақ халқының өкілдері 5 «Г» сыныбы – 3 орынға ие болды. Әділ қазылар алқасының құрамында ата – аналар комитетінің өкілі – Ткаченко О.М., Көкшетау қаласы татар ұлты өкілдері бірлестігінің мүшесі Сулькарнаев Р.С., және музыкант Крикунов Ф.В. болды.