ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Саралы сөздің сардары Қадыр Мырза Әлі оқуларының қалалық кезеңінде гимназиямыздың 6 "В" сынып оқушысы Жарасқызы Айнұр 1- орынға ие болды. Жас өрендерден бастап жасөспірімдерге дейін қатал сынға алған дүбірлі додада Астана қаласының үздік оқушылары қатысты. Сөз құдіретін қастерлей білетін халық үшін мұндай жарыстардың орны бөлек. Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда! Дәл осы байқауда мектеп оқушысы Жарасқызы Айнұр Қадыр Мырза Әлінің өлеңдерін оқу арқылы тыңдарман жүрегіне жол тапты. Жетекшісі: Қасымханова Нүргүл Жеңісқызы
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии