Меню KDT

Новости

Главная Новости

ӨНЕР - САРҚЫЛМАС АЗЫҚ, ТАУСЫЛМАС БАЙЛЫҚ

"Өнерден қуат алмаса, тіршіліктің шырағы өшеді",-деп М.Әуезов айтпақшы, гимназияның өнерлі оқушылары өнердің биігінен көрініп жүр. Бүгін №81 "Astana English school" гимназияда "Шаттық -2018" ашық шығармашылық қалалық байқауының жүлдегерлеріне арналған концерт болып өтті. Концерт екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде өнерпаз оқушылардың өнерлерін тамашаласақ, екінші бөлімде гимназия директоры Садыкова Гүлнар Дінғуатқызы жүлдегер оқушылар мен олардың ата -аналарын және "өзін -өзі басқару" ұйымының оқушыларын марапаттады. Бүгінгі концертте "Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер"- демекші, гимназияның атын көкке жеткізіп, мерейін үстем етіп жүрген талантты оқушы, қазақтың ән өнерін жалғайтын "Шаттық -2018" ашық шығармашылық қалалық байқауының халық әні номинациясы бойынша күміс медаль иегері Ғалымбек Айлун "Жетісу" әнін орындаса, аспаптық жанр бойынша қола медаль иегерлері жетігеншілер "Кербез қыз" күйін, домбырашылар "Саранжап" күйін орындады. "Талапты бала талпынған құстай" демекші, биылғы жылы хореография жанры спорттық би номинациясы бойынша дипломант атанған оқушылар, заманауи би, киім дизайны, хор, театр оқушылары да өнерлерін көпшілікке үсынды. Гимназиямыздың ашық аспанында күй күмбірлеп, ансамбльдер музыка тартып, ән шырқалып жатса, салт -дәстүріміз, ұлттық аспаптарымыз домбыра, жетіген сахна төрінен табылса, үлкендер үлгі болып, кішілер ізеттілік танытса, қазақ өнері өрге өрлесе, еліміз аман болса, ұл - қыздарымыз білімі мен талантымен көрінсе, бұл рухани жаңғырудың бастауы деп білеміз.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны