Меню KDT

Новости

Главная Новости

Құстардың кездесуі

 

           1906 жылы 1 сәуірінде құстарды қорғау туралы Халықаралақ конвенцияға қол қойылды. Көктем -  қанаттылардың қыстықтан ұшып келетін уақыты. Ертеден келе жатқан дәстүр  - осы күні «Құстар ұясын» және жемсауыттарын ілу.

          Астана қаласындағы №21 орта мектепте 2018 жылдың 26 сәуірінде «Құстар күні» атты мереке өтті. Бұл күні мектеп оқушылары мектепке ата-аналарымен бірігіп жасаған ұялары мен жемсауыттарын алып келді.

        Сабақтан кейін барлығы мектеп алаңына жиналды, бастауыш сынып мұғалімі Бекмаганбетова Гульмира Ануарбековна балаларға осы мереке туралы айтып берді.

        Мереке сыныптан тыс іс-шара түрінде өткізілді. 4 «А» сынып оқушылары құстар туралы ақпарат берді, сахыналық қойылым қойды және ақ киім киген қыздар тобы «Аист на крыше» биін биледі.

       Қатысушыларға жұмбақтар жасырылып, түрлі ойындар ойнатылды. Сонымен қатар құстар туралы викториналық  сұрақтар қойылып, осы тақырыпта мақал-мәтелдер сайысы өткізілді. Мерекеде оқушылар құстар туралы ән айтты. Балалар түрлі құстардың дауысын тыңдады. Мереке соңында 1-4 сынып оқушылары ата-аналарымен бірге жасаған ұялары мен жемсауыттарын ағашқа ілді.

        Балаларға мереке қатты ұнады. Әсіресе ұялардың біріне құстар ұшып келгенде, оқушылардың қуанышында шек болмады!!!






Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны