24 сәуір күні №48 мектеп лицейінде «Ардагерлерді ардақтайық» тақырыбында Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отаның қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Осы мерекеге орай 11 сынып оқушылары ардагерлерге мерекелік бағдарлама ұсынып, домбырамен, гитарамен, жеке дауыста ән салды. 11 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен мерекелік концерт жоғары деңгейде өтті. Мерекелік іс-шара соңында мерекелік дастархан жайылды. Ардагерлеріміз өздерінің ақ баталарын беріп, ризашылығын білдірді. Жас ұрпақ әрқашан ардагерлерімізге құрметпен қарап, ұлы істерін мақтан етеді!

Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны