05.04.2018ж. Оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайдан қорғалуын жетілдіру, төтенше жағдай туындаған кезде шұғыл көшіруге (эвакуация) дайын болуға үйрету мақсатында оқу жаттығу дайындық сабағы өтті.
05.04.2018ж. Оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайдан қорғалуын жетілдіру, төтенше жағдай туындаған кезде шұғыл көшіруге (эвакуация) дайын болуға үйрету мақсатында оқу жаттығу дайындық сабағы өтті. Жоспарлы түрде қабаттарға кезекші мұғалімдер тағайындалды. Кезекші мұғалімдер дабыл соққанда дер кезінде оқушыларды эвакуациялауды ұйымдастырды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кабинеттерде электр құралдарының сөніп, терезенің ашық қалмауын мұқият қарап қадағаланды. Оқушылар 4 бағыттан сыртқа шықты. Мектеп бойынша І ауысымда білім алушылар 3 минут аралығында мектеп ғимаратын толық босатты. Г. Камелаш мектеп директоры міндетін атқарушы Ж.Газиеваға барлық оқушылар мен қызметкерлердің мектеп ғимаратынан шығып, эвакуацияланғандығы туралы баянат берді. ІІ ауысым бойынша оқу –жаттығуы да өз деңгейінде өтті Оқушыларды толық эвакуациялау, қауіпсіздікті сақтау талаптары орындалды.


Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии