Жол ережесін сақта! 13.04.2018ж.
Астана қаласы Білім басқармасы мен Ішкі істер департаментінің бірлескен жоспарына сәйкес, балалардың жол-көлiк травматизмiнің алдын алу, жолда жүру ережелерін сақтап, орындау мақсатында Сарыарқа ауданына қарасты мектептің жас жол инспекторлары арасында «Жас жол инспекторлары» аудандық слеті өтті.
Мектебімізде құрылған «Сұңқар» тобы (жетекшісі Г.Мұхамеджанова) 8 конкурстан тұратын сайыста «Жас эрудит» номинациясына ие болды.
«Сұңқар» тобы бастауыш сынып оқушыларымен көшелер мен жолдарда өздерін саналы ұстауға, жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз орындауға бағыттайтын іс-шаралар жүргізеді.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии