18.03.2018ж. «Экстримизм мен терроризмнің алдын алу жолдары» тақырыбында 9-11сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өтілді.
«Экстримизм мен терроризмнің алдын алу жолдары» тақырыбында терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және діни теріс ағымдардың таралуын болдырмау, дәстүрлі емес діни бірлестіктерден келетін қауіп-қатерден оқушыларды сақтандыру, сондай - ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар (ҚДТ) жайлы түсінік беру мақсатында 9-11сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өтілді.
Дөңгелек үстел барысын мектеп директоры С.Нугуманова оқушыларға діннің зайырлы қоғамымыздың ажырамас бөлігі болып табылатынын, көп дінді Қазақстан қоғамы үшін саяси келісіммен қатар, діни келісімнің болуы өте қажет екенін, бұл келісім – өркениеттіліктің белгісі екенін айтып өтті.
Тарих пәнінің мұғалімдері Х.Масғұт, Ж.Темірханова, С.Нугуманов Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана туралы айта келе, соңғы кездері экстремистердің бейбіт сүйгіштікке, ұстамдылыққа баулитын және өзге діни көзқарастарға түсіністікпен қарауға тәрбиелейтін ислам дінін ушықтыруға, басқа өркениеттермен қақтығыстыру, дінаралық татулықты емес, сонымен қатар мұсылмандар арасында да іріткі салуда екенін айтып түсіндірді.
Оқушылар діни экстремизм мен терроризм (лаңкестік) және одан төнген қауіп, оның алдын алу, еліміздегі дін мәселесі, бейбітшілікке, тұрақтылыққа ұмтылу жолдары туралы ой қозғап, өз білімдерін ортаға салады.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии