2018 жылдың 21 сәуір күні Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясында «Біз таза елорданы қолдаймыз!» атты экологиялық сенбілігі өтті. Таңертеңгі сағат 9-дан бастап сенбілікке барлық мектеп ұжымы мен оқушылар қатысып, өздеріне бөлінген аумақтарды қоқыс-қалдықтан шығарды, ағаш түптерін әктеген мектеп ұстаздары ортақ үйіміздің әсемденуіне бір кісідей ат салысты. Экологиялық сенбілікке мектебімізден 785 оқушы мен 58 мұғалім қатысты. Сенбілікке қатысушыларды қажетті құралдармен (күрек, тырна), қолғаптар мен қоқысқа арналған қаптармен қамтамасыз етілді. Әр қатысушыға бүгінгі сенбіліктің тигізген әсері зор деп ойлаймын.