Жас саяхатшылардың бiр күнi...
19 сəуiр күнi Сырбай Мəуленов атындағы 37 орта мектебiнiң 8 "б" сыныбының 15 оқушысынан құрылған "Жас саяхатшылар" тобы "Елорда ескерткiштерi сɵйлейдi" жобасын негiзге ала отырып, Астана қаласының 20 жылдық мерекесi қарсаңындағы үздiк жаяу жүрушiлер байқауы бойынша саяхат жасады. Оқушылар топ жетекшiсi, жетекшiнiң кɵмекшiсi, экскурсовод мұғалiмнiң бастауымен Астана қаласындағы Б. Момышұлы, Ж.Жабаев, Д.Нұрпейiсова, Томирис патшайым, Кенесары хан ескерткiштерiн 6500 метр немесе 6,5 шақырымды жаяу аралап қана қоймай, ɵздерiне мол рухани азық жинап қайтты. Əр ескерткiштiң басында айтылған аңызға толы əңгiмелер, естелiктер, оқылған жыр шумақтары саяхатшылар үшiн ерекше маңызды дүниелер болды десек болады. Алдын-ала дəрiгерлiк тексерiстен ɵткен оқушыларымыз саяхатшы ɵмiрiнiң бiр күнiн бастан кешiрдi. Қызығы мен қиындығы мол саяхатшылық ɵмiрдiң шын мəнiнде ерекше болатынын сезiндi.