Меню KDT

Новости

Главная Новости

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ МІНДЕТ

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ МІНДЕТ
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ. ҮЙРЕТУ. САҚТАНДЫРУ...
Бүгін 3 сәуір - төртінші тоқсанның алғашқы күні Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектебінде сағат 12.00-де І ауысым үшін, 17.00-де ІІ ауысым үшін Төтенше жағдайлардың алдын алу шарасы өткізілді. Мақсатымыз – оқытып отырған оқушыларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Алдын алу шарасы барысында әр сыныптың әрбір оқушысын қауіпсіз аймаққа эвакуациялау міндеті басты кезекке қойылды. Мектеп әкімшілігінен құрылған қауіпсіздік топтары өзіне жүктелген аймақтағы сыныптарға жауапты болып танылып, эвакуацияланған оқушылар туралы нақты ақпаратты Төтенше жағдайлар комиссиясының бас қызметкері Г.А.Сатыбалдинаға тапсырып, соңында осы комиссияның төрайымы, мектеп директоры А.Т.Сегізбайға мектептің түгелдей қауіпсіздік аймаққа көшірілгені туралы хабарлады. Мектептің басты және қосалқы есіктері түгелдей дер кезінде ашылды, оған қажетті мүмкіндіктер қарастырылды. Ең бастысы, оқушылар ешқандай кедергісіз қауіпсіз аймаққа шығу жолдарын өз көздерімен көріп, танысты.
Ал, біз қашан да еліміз бейбіт, жеріміз тыныш, айналамыз жаманаттан аман болуын тілейміз...

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны