GLOBAL SCHOLARS
Заман талабына сай инновациялық жобалар жасау, шетелдермен ынтымақтастықта жұмыс жасау мақсатында «GLOBAL SCHOLARS» халықаралық оқушылардың онлайн жобасы №81 «Astana English School» гимназиясында биылғы оқу жылы қолға алынды. Осы іс-шараға байланысты № 81 «Astana English School» гимназиясында сәуірдің 11 күні «Global Scholars» жобасының өкілетті өкілі Никки Киф, Білім беруді жаңғырту орталығының директоры Ибраева Гульнара Кулмухаметовна және Астана қаласының 7 мектебінің мұғ
алімдері «GLOBAL SCHOLARS» кәсіби сессиясына қатысып, қаланың және бүкіл әлемнің жергілікті қоғамдастығын, сондай-ақ жаңа цифрлық құралдарды зерттеуге ат салысты. Биыл ғаламдық ғалымдар 10-13 жастағы 13 500-ден астам оқушыларды және бүкіл әлем бойынша 500-ден астам оқытушыларды біріктіреді. Олар 29 елдің 64 қаласынан. Астана қаласының 7 мектебі, 14 мұғалім GL Skolars бағдарламасына қосылғанына қуанышты.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии