Елордамызда 21 сәуір - 12 мамыр аралығы «Астана – таза және қауіпсіз қала» акциясы айлығы деп жарияланған. Акция аясында 21 сәуір күні №3 мектеп – гимназиясының оқушылары «Біз - таза астана үшін!» ұранымен жалпықалалық сенбілікке қатысты. Қаламыздың әдемі және таза болуын қалайтын оқушылар дәстүрлі саптүзеуден кейін, әсем әннің ырғағында мектеп ауласын тазартты. Күннің қорытындысы ретінде оқушылар алған әсерлерін жаңғрық газетінде бейнеледі.