Жалпы қалалық сенбілік
21-сәуір күні жалпы қалалық сенбілік өтті. Мектебіміздің мұғалімдері мен оқушылары 5-11 сыныптар толықтай жұмылдырылды. Мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Молдаханова Алтынай Сайлауқызы оқушыларды тазалыққа шақырып, қоршаған ортаны қорғау қажет екенін айтты. Оқушылардың өмір қауіпсіздігіне және техникалық қауіпсіздіктің қатаң сақталуы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қажетті құрал-саймандармен қамтамасыз етуді директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Мухаметжанова Несіп Бопайқызы ұйымдастырды. Барлығы 100 мұғалім мен 800 оқушы қатысты. «Жас ұлан» ұйымының «Эко әлем» бағыты бойынша 7-сынып оқушылары Көктал кентіндегі ата-әжелерге көмек көрсетті. Сынып жетекшілері мен мектеп ұжымы түгелдей атсалысты.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии