2018 жылғы 13 сәуірде «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және сүйемелдеу орталығының ұйымдастыруымен №77 мектеп базасында «Ғылымдағы дебют» ғылыми жобалар сайысы өтті.
Конкурстың басты мақсаты: дарынды жастарды ғылымға, техникаға қызығушылығын және ақыл –ой еңбектерінің беделін арттыру, Қазақстан Ресрубликасының зерделі әлеуетін қалыптастыру.
Осы конкурсқа №58 мектеп –гимназиясының оқушылары 3 секция бойынша макеттерін ұсынып, қорғап, жеңіске жетті.
Бұл жетістіктер мектеп басшысы, п.ғ.к. Нугуманова Самал Ботахановнаның бастамасымен биылғы жылғы мектебімізде ашылған «Гидропоника. Аэропоника», «Ракетамодельдеу» және «Робототехника» ғылыми зерттеу орталықтарының жұмысының нәтижесі.Осы зерттеу орталықтары болашақта оқушыларымыздың ғылымға деген қызығушылықтарын арттырып қана қоймай, үлкен ғылыми ізденістердің бастамасы болатынына кәміл сенеміз.


Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны