«Рәміздері елімнің – бойтұмары жерімнің!»
Осы күні екінші ауысымның 6 , 5 сынып оқушыларының қатысуымен келесі іс – шара жалғасын тапты. Іс – шара «Рәміздері елімнің – бойтұмары жерімнің!» деп аталады. Мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.
Атауының өзіне сай Отаншылдыққа тәрбиелейтін өлең шумақтары, жеке -- дара орындауда өлеңдер оқылып, әндер орындалып, күйлер тартылды.Көрмедегі қойылған суреттердің өзі баланы Отаншылдыққа тәрбиелейді. Сонымен қатар арнайы роликтер көрсетілді. Мұғалім Байбуллина Гулмира Мұратбекқызы осы шара арқылы еліміздің рәміздерін құрметтеуді үйрете білген.


Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны