Үлгілі тұлға, еліміздің мақтанышы-Серік Сәпиев қонақта.
Елбасының "Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар" атты мақаласындағы "100 жаңа есім" жобасымен атақты спортшы, олимпиада жүлдегері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері Серік Сәпиевпен кездесу өтті. Мектептің жасұландықтары қошеметпен қарсы алып, ыстық ықыластарын білдірді. Кездесу кешінін мектеп-лицей директоры Гүлсім Асылқызы ашып, еліміздің көк байрағын биікте ұстаған Серік Жұманғалиұлын құттықтап, балаларға үлгі тұтты. Мектеп-лицейінің "Салауат" бағытының көшбасшысы мектептің бокс бойынша чемпиондарын жинап, алдыңғы қатардан орын берді. Арнайы сұрақтар қойылып, балалармен ой бөлісті. Мектептің "100 жаңа есім" галериясынан Серік Сәпиев орын алды. Кеш соңында оқушылар қолтаңба алып, Жас ұлан ұйымының көшбасшылары мен бұқаралық ақпарат өкілдері сұхбат жүргізді.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии