«Ғылым күні»
12 сәуірде № 84 мектеп-лицейдің 5 сынып оқушыларымен Ғарышкерлер күніне орай, «Қанатты арман» атты ғылым күні атап өтілді. Лицейімізге мерекеге орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы атындағы Ұлттық Қорғаныс университетінің ұшқыштарымен кездесу өткізілді. Кездесуге ұшқыш майор Қарасаев Игилик Кабидуллаевич және майор Джанахметов Абдымажит Джамаладдинович келді. Оқушыларға пайдалы кеңестер беріп, болашақ мамандыққа деген бағыт-бағдар берді. Мектеп оқушылары қонақтарға өз тараптарынан патриоттық клубтың өнерін көрсетті. Ұлттық Қорғаныс университеті қызметкерлері бала тәрбиесіне қосқан үлестері үшін алғыс хатпен марапатталды.



Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии