«ТжКББ жүйесін мазмұнды дамыту және халықаралық тәжірибе негізінде педагогтың кәсіби әлеуетін көтеру» қалалық семинар-тренинг
2018 жылдың 11 сәуірде Астана аласы әкімдігінің «Политехникалық колледжінде» Астана қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «ТжКББ жүйесін мазмұнды дамыту және халықаралық тәжірибе негізінде педагогтың кәсіби әлеуетін көтеру» тақырыбында қалалық семинар-тренинг өтті.
Осы қалалық семинар-тренинг аясында біздің колледждің арнайы пәндер оқытушысы Жумабаева Гулзат Тулендиевна «ТжКББ жүйесінде ағылшын тілін масштабтау. Арнайы пәндерді оқыту (CLIL) пәндік кіріктіру әдістемесін қолдану» тақырыбында Астана қаласы колледж арнайы пән оөытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренинг барысында CLIL технологиясы жайлы ақпарат беріліп және сол технологияда қолданатын жаттығуларды жасатып, көрсетті.
Семинар-тренинг соңында CLIL технологиясын қолдану туралы әдістемелік нұсқаулықтар үлестірілді.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии