Бағалау – табысты оқытудың маңызды факторы.
13 сәуір күні «№15 мектеп – лицейі» ММ-де жаңартылған бағдарлама бойынша бағалау тақырыбына байланысты қалалық семинар өтті. Осы қалалық семинарға қаланың барлық мектептерінен мұғалімдер мен Білім басқармасының басшысы, басқарма әдіскерлері қатысты. Семинарға біздің №21 орта мектептің атынан Ибраева Алия Шайгазиновна мен Нурмагамбетова Жибек Кабденовна «Бағалау – табысты оқытудың маңызды факторы» атты коучингін өткізді. Коучингтің мақсаты: кәсіби қауымдастықта баға, баға қою, бағалау түсініктерін талқылау, дәстүрлі және жаңартылған бағдарлама бойынша оқытудағы бағалау түрлерін салыстырып, тиімді және тиімсіз жақтарын анықтау, жиынтық және қалыптастырушы бағалау туралы толық ақпарат беру. Коучинг өте жақсы деңгейде өтті. Оған қатысушылардың пікірі мен коучингтан алған әсерлері кері байланыста көрсетілгендігі дәлел бола алады. Коуч мұғалімдер коучинг мақсатындағы күтілген нәтижеге қол жеткізіп, әріптестерімен тәжірибе бөлісті. Қатысушылар өздеріне қажетті өте көп материалдармен танысты. Семинар соңында біздің мектептің мұғалімдері Білім басқармасының ерекше сертификаттарымен марапатталды. Әріптестеріме шығармашылық табыс тілеймін!!!
№21 орта мектептің сертификатталған мұғалімдер қауымдастығының жетекшісі: Исатаева Ляззат Ануарбековна
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны