«Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназия» мемлекеттік мекемесінде өткен №52 эвакуциялық-жинақтау пунктінің төтенше жағдай туындаған кездегі эвакуациялық жаттығу
Астана қаласы Білім басқармасы білім беру ұйымдарында бекітілген кесте бойынша төтенше жағдай туындаған кездегі эвакуациялық жаттығу өткізу туралы 27.03.18 жылғы 14-01-4011 хатына сәйкес №52 эвакуциялық-жинақтау пунктінде 4 сәуір күні оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді.
Жаттығу өрт қауіпсіздігіне байланысты өткізілді. 30 наурыз күні педагогикалық кеңесте мектептің педагогикалық ұжымына «Өрт қауіпсіздігіне» байланысты «Мектептегі қауіпсіздік. Өрт кезіндегі іс-шаралар», «Алғашқы дәргерлік көмек» тақырыптарына арналған бейнебаяндар көрсетіліп, нұсқаулықтар берілді. Мектеп бойынша Өрт қауіпсіздігіне қарсы объектілік оқу-жаттығудың өткізілуі туралы бұйрық шығарылып, жауапты тұлғалар тағайындалды. 3 сәуір күні «Мектептегі қауіпсіздік. Өрт кезіндегі іс-шаралар» тақырыбына сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаты барысында оқушыларға өрт кезіндегі іс-әрекеттер туралы нұсқаулықтармен бірге мүмкіндігінше бейнебаяндар да көрсетілді.
Өрт қауіпсіздігіне қарсы объектілік оқу-жаттығуды жүргізуге тиісті құрал-жабдықтар, әр сыныпты орналастыру орындары, эвукация сызбасы жасалып, таныстырылды. ТЖД «Сарыарқа» ауданының ТЖБ бастығына хат жолданып мамандарының жіберілуі сұралды.
Эвакуациялық жаттығу барысында оқушылар мектептің екі қапталындағы баспалдақтардың сол жағымен (қабырға жағымен) бірінің артынан бірі түсті. Әр сыныпты пән мұғалімдері бастап жүрді. Сыртқа шығарда да 8-11, 5-7 сыныптар өздеріне тиісті есіктерден (басты есік және буфет жақтағы) шықты. Бастауыш сыныптары екі сырт жақта орналасқан қосалқы есіктерден шықты. Сыртқа шыққан оқушылар тізім бойынша түгенделіп, жауапты тұлғаларға хабарланды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии