Аудандық «Жас Жол Сақшылары» сайысынан келген жүлде
12.04.2018ж. №84 мектеп-лицейі оқушыларынан құрылған «Жас Жол Сақшылары» командасы Есіл ауданы мектептері арасында өткен ЮИД сайысына қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды. Жас жол сақшыларымыз үздіктер қатарынан көрініп, мамыр айында өтетін қалалық сайысқа жолдама алды. Команда жетекшісі мен 7 «В» сынып ұжымын жеңісімен құттықтай отырып алдағы қалалық шарада үздік болуына тілектестік білдіреміз.