Маған бәйшешек ұнайды.
10 сәуір күні апталыққа қатысты пән мұғалімі Нурмагамбетова Жибек Кабденовна қазақ тілі пәнінен 2 «А» сынып оқушыларымен «Маған бәйшешек ұнайды» атты ашық сабағын өткізді.
Сабақ жаңартылған бағдарламаға бойынша өткізілді. Сабақ басында «Шаттық шеңбері» тренингі арқылы ынтымақтастық орта орнатудан басталды. Оқушылар үй жануарлары суреттері арқылы топқа бөлінді. Үй тапсырмасы «Көңілді доп» тәсілі арқылы тексерілді. Сабақтың тақырыбы АКТ суреттері мен сұрақ-жауап арқылы анықталды. Сабақтың мақсаттары таныстырылды. Тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары бойынша тапсырмалар орындалды. Оқушылар жеке, жұптық, топтық жұмыстар атқарды. Әр тапсырмаға қалыптастырушы бағалау қолданылды.
Әр топ «Бәйшешек гүлі» атты постер құрып, оны қорғау арқылы сабақ бекітілді. Мұғалім әр оқушыны, әр топты қалыптастырушы бағалау арқылы бағалады. Балаларға смайликтерден жасалған алқа тағу арқылы әрқайсысына жеке баға берді. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазу арқылы кері байланыс орнатылды.
Балалар сабаққа белсенді қатысып, бәйшешек гүлі туралы толық ақпарат алды, оны жеткізді. Мұғалім сабақта өз мақсатына жетті.





ОТІ бойынша директор орынбасары: Кунакова Ж.Ш.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны