Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы
Біздің мектепте 09.04 – 16.04.2018 аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығы өткізіледі. Осы іс – шараға барлық қазақ тілі пәні мұғалімдері жауапты. Олардың барлығы ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларын өткізіп, мемлекеттік тілдің мерейін асқақтатуды көздейді.
9 сәуір күні бастауыш, орта және жоғарғы буындарда апталықтың салтанатты түрде ашылуы өткізілді. Бастауыш буындағы апталықтың ашылуына арналған іс-шараны Байжарасова Сымбат Ашимкановна өткізді. Ол бастауыш буында бірінші, екінші ауысымды да қамтыды. Іс-шараның ашылуы Мемлекеттік Гимннен басталып, өзге ұлт оқушыларының жүрекжарды өлеңдерімен жалғасты, оқушылар ән айтып, би биледі.
Бірінші ауысымда жоғарғы буындағы апталықтың ашылуына арналған іс-шараны Нұрахметова Күлжамал Байжанқызы өткізді. Оқушылар іс-шарада Абайдың шығармашылығынан үзінді оқыды. Апталықтың жоспары таныстырылды.
Екінші ауысымда орта буындағы апталықтың ашылуына арналған іс-шараны Имажанова Салтанат Утюбаевна және Джанглышева Карлыгаш Амангельдиновна өткізді. Оқушылар іс-шарада өлең оқыды. Апталықтың жоспары таныстырылды.
Мектеп оқушылары мен ұстаздары апталық жоспары туралы толығымен ақпараттандырылды.
ӘБЖ-сі: Нурмагамбетова Жибек Кабденовна









Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны