Астана қаласының Білім басқармасы «ЖАС ҰЛАН» ББЖҰ» РҚБ Астана қалалық филиалы мен №84 мектеп-лицейінің «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен аталмыш мектеп кітапханасында Есіл ауданының Ұланбасыларына арнап «Team Bulding» өткізілді. Мектептер мен Ұланбасылар арасындағы тығыз байланысты нығайту мен ортақ көзқараста жүйелі жұмыс жасауды көздеген іс шара балалар үшін ойнау арқылы ойлауға жетелер көпір болды деп санаймыз. Бірлігі жарасқан Ұланбасылар алдағы уақытта өзге қала мектептерімен де бірлесіп, «Team Bulding» ауқымын кеңейтуді ұсынды.