2018 жылдың 7-ші сәуірінде Сырбай Мәуленов атындағы № 37 орта мектебінде «Білім берудегі инновация – табысты мектептің кепілі» атты қалалық семинар өтті. Семинарда 6 мектепішілік кластер жұмысы көрсетілді: «Білім беру мазмұнын жаңарту», «НЗМ менеджментін енгізу», «Көптілді білім беру», «Дарындылар және таланттылар», «IT-технологиялар», «Ата-аналармен ынтымақтастық». Кластер жетекшілері шақырылған мұғалімдермен, оқушылармен, ата-аналармен тәжірибелік сабақтар өткізді.
«Бірлесу – білім беру мазмұнын жаңарту және оқу үдерісінің нәтижесін арттырудағы бағыттардың бірі» тақырыбы бойынша «Білім беру мазмұнын жаңарту» кластерінің жұмысы қазақ және орыс тілінде оқытылатын 2 топта өткізілді. Сыныптарда жаңартылған бағдарламалар бойынша жұмыс жасайтын мұғалімдер біріктіруде пайдалану үшін күнтізбелік-тақырыптық жоспарлардағы әртүрлі тәртіптегі мүмкін болатын тақырыптарды бекітті.
«НЗМ менеджментін енгізу» кластері «Бірізділік – 4-5-ші сынып оқушыларының білім сапасын арттыруды қамтамасыз ету жағдайы ретінде» тақырыбы бойынша Lesson study тобының жұмысын көрсетті. 4-5-ші сыныптарда жұмыс жасайтын мұғалімдер үшін әдістемелік ұсыныстар ойлап табылды.
Информатика, физика, биология, химия мұғалімдері үшін мектепішілік «Көптілді білім беру» кластері жақсы жәрдем болып табылады, сондықтан да кластер жұмысын ағылшын тілі мұғалімдері басқарады. Мұғалімдер семинарда жоғарыда айтылған пәндер бойынша CLIL-дің негізгі әдістерімен және амалдарымен танысты, CLIL технологияларын қолданудағы тапсырмаларды жетілдірді.
«IT-технологиялары» кластерінің жұмысы да қызықты болды, әртүрлі пән мұғалімдері, тіпті бастауыш сынып мұғалімдері видео (бейне) жазуға, монтаж жасауға машықтанды, видео әзірлемелерінің негізгі дағдыларын, «Үй жаттықтырушысы» тұғырнамасына арналған қорларды құруды үйренді.
Кез келген мектеп өзінің дарынды балаларымен мақтанады. «Дарындылар және таланттылар» кластерінің жұмысы пікірталас түрінде қазақ және орыс тілдерінде ұсынылды. Пікірталасқа 37, 30, 28, 18, 48 –ші мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты. Осы сайыстағы төрешілік үшін №5 және №47 мектеп оқушыларына рахмет айтамыз. № 28 мектеп оқушысы Бержицкая Дарья және № 37 мектеп оқушысы Райхан Ардақ ең үздік спикерлер болып тандалды.
Мектеп жұмысын ата-аналардың қатысуынсыз көрсету мүмкін емес. Семинарға ата-аналар, №18, 22, 30, 47, 79, 28, 37 мектептердің Қамқоршылық кеңесінің мүшелері шақырылды, «Отбасы тәрбиесі – жеке тұлға әлеуметінің табысты факторы» мастер-класс жұмысында белсенділік танытты. Осы кластердің ең табысты қатысушысы № 28 ОМ құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша кеңесінің мүшесі Авдеев Андрей Леонидович болып табылды.
Семинар жұмысында «НЗМ менеджментін енгізу» кластеріне кіретін: №3,5,18,22,28,30,36, 41,47,59,65,76,79,81, 37 мектеп педагогтары, сонымен қатар ФМБ НЗМ белсенді қатысты. Әрбір кластерде ең табысты оқушылар таңдалды, алғыс хаттармен марапатталды. Семинардың сарапшысы және кеңесшісі Астана қаласы әкімдігінің білім беруді жаңғырту орталығының мектеп бөлімінің меңгерушісі Нурланова Ботагоз Сериковна, ПШО жаттықтырушысы Мукутов Талгат Кенжебекович, «ФМБ НЗМ» ТЖ бойынша директордың орынбасары Иманбекова Эльмира Куатбековна, «Global Grand» ОО директоры Шингужинова Тлектес Сайхатановна, «Ғылыми-енгізбелік орталығы «Білім беру технопарк» ЖШС жаттықтырушысы Фазылова Тлектес Омуровна болды.
«Білім берудегі инновация – табысты мектептің кепілі» қалалық семинары сәтті өтті, Астана қаласы мектептерінің өзін-өзі басқару мүшелерінен, ата-аналардан, педагогтардан, сарапшылардан жоғары баға алды. Сырбай Мәуленов атындағы № 37 орта мектеп ұжымы және директоры Сегізбай Алмагүл Тлектесқызы «Инновация арқылы жетістікке жету» миссиясына сәйкес өзінің жұмысын көрсете білді, себебі барлық инновациялық үдерістер мектепте енгізіледі, үнемі жоғары мақсаттар қойылады.







Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны