Көктем де келді, мінекей. Жер ана жасарып, тірі табиғат оянып, жер бетіне әдемі бір тіршілік орнайтын уақыт. Көктемнің алғашқы күндері де ең атаулы асыға күтетін мерекелерден тұрады емес пе?! Соның бірі әрбір адамзат үшін ең аяулы жан, қасиетті ұғым, қадірлі тұлға-аналарымыздың мерекесі. Бұл аналар мерекесімен көктемнің бірінші күнінен бастап құттықтап, сый-сияпатты көрсетсе артық болады деп ойламаймын. Себебі, Көктем-ең әдемі мезгіл ғой төрт мезгілдің ішінде. Ал әдемілік аруларымыз бен аналарымызға сай теңеу болары анық. Біздің балабақша тәрбиеленушілері де осы мерекені көктемнің алғашқы күндері басталғалы үлкен дайындықпен, аналарына деген шексіз құрметпен өз өнерлерін ортаға салып, құттықтау ертеңгіліктерін бастап, әлі де жалғасын жалғастырып келеді. Жарайсыңдар, сүйкімді балапандар!



Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны