Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі
Жақында ҚР еңбек сіңірген мұғалімі, "Құрмет" орденінің иегері Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен əдебиетінен республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өтті. «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы аталған олимпиадаға қатысу үшін шын дарынды анықтау мақсатында Астана қаласы білім беру мекемелерінің 9-11 сынып оқушылары арасында 2018 жылғы сәуір айының 3-4 күндері қалалық кезеңін №38 мектеп-лицейінде өткізді.
Олимпиадаға қазақ тілінде білім беретін мектептердің 9-11 сыныптарынан 1 оқушыдан барлығы 91 оқушы қатысты. Олимпиада ережеге сәйкес ІІ турдан өтті. І тур – жазбаша, эссе түрінде болды. Аталған кезеңнен жоғары ұпай жинаған 61 оқушы келесі кезеңге өтті. ІІ тур – ауызша. Олимпиадаға жоғары оқу орындарының ғалымдары қазылық жасап, екі күн қатарынан дарынды оқушыларымыздың білімін бағалады. Қорытындысы бойынша 11-сыныптар арасынан І орынды мектебіміздің 11 «А» сынып оқушысы Асан Балжан жеңіп алды. 9 «А» сынып оқушысы Аяшова Аружан мақтау қағазына ие болды.
Олимпиаданың ережесіне сәйкес І, ІІ орын алған оқушылар 2018 жылғы сәуір айының 25-28 күндері аралығында Өскемен қаласында өтетін олимпиаданың республикалық кезеңіне жолдама алды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии