«Астана! Бірге жарқын болашақ!»
30.03.2018ж. №84 мектеп-лицейінің 8«Б» сынып оқушылары «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында өткізілген «Астана! Бірге жарқын болашақ!» жобасына қатысып, экологияны бірге қорғау, қоқысты сауатты іріктеу мәселесіне қатысты мол ақпарат алды. Сонымен қатар шеберлік сағаттарға қатысып, ойнау арқылы тәжірибе жинады. Өнер ордаларынан келген өнерпаздардың қойылымдарын тамашалап, өз қолдарымен экологияға зиянсыз заттарды жасап, қолдануды насихаттау арқылы мол әсер алды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии