2017 жылдың 19 наурыз күні Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясында көктемнің шуақты мерекесі Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы аталып өтті. Наурыз - көнеден келе жатқан мереке. Көпшілік жаңа күн, жаңа жыл барлық қуаныш пен жақсылықтың бастауы болсын, деп тілек білдіріп жатады. Ұлық мерекені мектебімізде атап өтудегі басты мақсат – салт-дәстүр, наурыз құндылықтарын дәріптеу болатын. Бұл бала тәрбиесіндегі басты қағида. Ал оған кез-келген оқушы жұмыла қатысып жатса ұлттық тәрбиенің мақсат мұраты орындалды дей беріңіз.
Іс-шараға 5-9 сынып оқушылары ат салысты. Мерекелік шараны шашу дәстүрімен ашты. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
З.С. Кемельбаева оқушыларға өзінің жүрек жарды құттықтау сөздерін жеткізді. Наурыз мейрамының сәні ойын-сауық, ән мен күй, ұлттық тағамдар дастарханы сияқты шараларға ұласып жатты. 5-7 сынып оқушылары арасында ұлттық тағам мен өнер көрсетуден байқау өтті. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, байқауда кімнің жүлдеге қол жеткізгенін анықтау үшін қазылар алқасы құрылды. 5 ә, б, 6 в сыныптары өздерін өлең жолдарымен таныстырып, алқалы топ алдында өнерден де құр алақан емес екендігін байқатты. Олар ұлттық нақышта ән шырқады, би биледі, жиналған қауымға өздерінің даярлаған ұлттық тағамдарын ұсынып, дәм таттырды.




Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны