"Наурыз аруы сайысы"
2017 жылдың 20 наурыз күні Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясында «Наурыз аруы» (сайыс) атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара 8-10 сыныптар арасында ұйымдастырылды. «Наурыз аруы» сайысы 5 кезеңнен тұрды:
1. Өзін-өзі таныстыру
2. Өз өнерін ортаға салу
3. «Білгенге маржан» (сұрақ-жауап)
4.Сән үлгісі
5.Қолөнер
Сайысқа қатысушыларды әділ бағалайтын арнайы әділ-қазылар алқасы ұйымдастырылды. Таныстыру кезеңінде арулар өздерін өлең шумақтарымен таныстырды. Екінші кезеңде мың бұралып, ән шырқап өнерлерін көрсетті. «Білгенге маржан» атты кезеңде төл тарихымыздан қойылған сауалдардарға жауап іздеп жарысты. Бұдан соң өнерпаздар мың бұрала билеп, ән мен жырдан шашу шашты. Кейін «Сән үлгісінде» табиғи материалдардан киім тігіп, көрермендерді таң қалдырды. Әділ-қазылар алқасы он саусағынан бал тамған аспаз қыздар пісірген тағамдардан дәм ауыз тиіп, арулардың аспаздық өнеріне баға берді. Соңында әділ-қазылар алқасы шешімін айтып, номинациялар мен орындарды қыздарға табыс етті. Атап өтсек: бас жүлдені 8 г сынып оқушысы Акбарова Миржанат алды. 1 орын 9 ә сынып оқушысы Теміршотова Назерке алды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии