27 ақпан күні Астана қаласы №58 мектеп-гимназиясында №41 орта мектебі, №61 орта мектебі, №65 мектеп-гимназияларының «Бірлік» қауымдастығы «Табысты мектеп – нәтижелі басқару кепілі» тақырыбында республикалық тәжірибелік семинар өткізді.
Семинарға Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Ә. Жанғозин, Білім басқармасының әдіскерлері, Астана қаласы мектептерінің басшылары, әдіскерлері т.б. қонақтар қатысты. Келген қонақтар мектептердің тынысымен таныс болып, «Жас зерттеушілер», «Мектеп – оқушы – ата-ана», «Мектептегі инновациялық жобалар», «Жас мамандар мектебі» сынды жобалардың жұмысына баға берді.
Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Ә. Жанғозин игі бастамаға сәттілік тілей келе, «Ракета модельдеу», «Аэропоника» ғылыми зертханасының тұсауын кесті.
«Тиімді жоспарлау – нәтижелі сабақ кепілі» айдарымен серіктес мектептердің мұғалімдері шебер сабақтар өткізді. «Ашық алаң», «Басқару кілттері», «Еркін микрофон» атты таныстыру жұмыстары мен коучингтер келген қонақтардың назарын аудара білді. «Еркін микрофон» айдарында кері байланыс ұйымдастырылып, семинарға қатысушы қонақтар іс-шараның деңгейін бағамдап, жұмыстарымызға сәттілік тіледі.





Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны