Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Астана қаласында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша кәсіпорынның жас мамандары мен кәсіби және техникалық колледж студенттері арасында «WorldSkills Astana» 2018 кәсіби шеберлік қалалық чемпионаты 2018 жылы 28 наурызда өткізілді.
Бұл шараның басты мақсаты - мамандықтың мәртебесін, студенттердің және жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру, білім алушылардың шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын қолдауға негізделген.
Байқауға біздің колледждің студенттері мынандай құзіреттілік бойынша қатысты: «Мейрамхана сервисі», «Аспаз ісі», «Наубайшылық шеберлік» және «Кондитер ісі».
Чемпионатқа қатысушылар жоғары дәрежелі дайындық пен кәсіби шеберліктерін көрсетті. Меңгерген біліктілігі және кәсіби білімі мен дағдысына қарай орындалған тапсырманы сарапшылар бағалап, әділ шешімін шығарды.
Нәтижесінде жалпы жинаған баллдары бойынша біздің студенттер мынандай орындарға қол жеткізді:
- «Кондитер ісі» құзіреті бойынша - бірінші орын, Акпекова Жазира.
- «Мейрамхана сервисі» құзіреті бойынша - екінші орын, Сычумаева Мария.
- «Наубайшылық шеберлік» құзіреті бойынша - үшінші орын, Кәрім Дәмір.
- «Аспаз ісі» құзіреті бойынша чемпионатқа қатысқаны үшін Джолдасов Нуридинге сертификат берілді.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз, лайым осындай жеңістерді биіктен бағындыра берсін!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии