19 наурыз күні «100 кітап» акциясы аясында«Еңбек» бағытының көшбасшысы 8 «Г» сыныбымен және мектебіміздің кітапханашысы Анаргүл Торғайқызымен бірлескен іс-шара өткізді. Іс-шара барысында 8 «Г» сыныбына оқуға тапсырылған Мұхатр Шахановтың «Эверестке шығу», Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қазақ айнасы», Тәкен Әлімқұловтың «Тұлпардың тағдыры» атты шығармалар бойынша талдау жұмыстары жүргізілді. Дөңгелек үстелге оқушылар, мектеп кітапханашысы және тәрбие ісі орынбасары Ләйлә Сағиқызы қатысты. «Кітап – қазына, кітап – байлық» демекші сөздік қорымыз көбейе берсін, теңдесі жоқ әдеби мұрамызды оқушылар бағалап, қорынан сусындай берсін.



Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны