Бүгін Астана қаласы №74 мектеп-гимназиясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Ускенбаева мен "Дебат" үйірмесінің жетекшісі Ж.Туйешееваның ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында "БП Қазақстанда сыбайлас жемқорлықты жою механизмдерін ұсынады" атты №5 мектеп пен №74 мектеп-гимназия оқушыларының арасында жолдастық кездесу өтті. Пікірталаста оқушылар Қазақстанда болып жатқан сыбайлас жемқорлықтың фактілерін келтіре отырып, оны жоюдың механизмдерін ұсынды. Нәтижесінде, оқушылар тәжірибе алмасып, өте жақсы пікір білдірген спикерлер мадақтамалармен марапатталды.