2018 жылдың 16 ақпанында «№66 мектеп-лицейінде» адал әрі білімді де, тәрбиелі және патриотты тұлға қалыптастыру мақсатында «Астана - адалдық алаңы» атты, Астана қаласы мектептеріне онлайн сабағы өткізіледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Астана – адалдық алаңы» атты пилоттық жобасын ұсынған болатын. Аталмыш жобаның басты мақсаты – азаматтар мен бизнеске кедергісіз жайлы жағдай жасау, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы, кең ауқымды қоғамдық бақылау, жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін және жемқорлықтан бас тартатын қоғамдық атмосфераны дамыту.
Онлайн сабаққа мектебіміздің «Адал ұрпақ» еріктілер клубының белсенді мүшелері және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша Департаменті басшысының орынбасары – «Астана – адалдық алаңы» жоба кеңсесінің жетекшісі Жылқышиева Жазира Жақсылыққызы, Астана қаласының Білім басқармасы басшысының орынбасары Жекебаев Дулат Шайкенұлы, Астана қаласы «Есіл» ауданы прокуратурасының аға прокуроры С.Құттымұратұлы келіп қатысты. Ал, Астана қаласының мектеп оқушылары қашықтықтан байланысқа шықты.
Шараға шақыртылған қонақтар әділдік пен адалдық, жемқорлық пен парақорлық тақрыбында оқушылармен сұхбаттасып, жамандықтан аулақ жүруге шақырды. Онлайн байланыстағы Астана қаласы мектептері де өз сұрақтарын қойып, белсенді қатысты.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны