2018 жыл 12 ақпанда мектебімізде «Өмірдің қауіпсіздік негіздері» атты дәріс сабағы өтті. Мақсаты қауіп түрлері, одан қалай сақтануға болатындығы туралы түсінік беру, терроризм және діни экстремизмнің түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру. Жасөспірімдерге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу. Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.
Шара барысында «Апат айтып келмейді» атты тақырыпта аға лейтенант Ұ.Мұсабекова баяндама оқыды. Ал, «Жол ережесін қатаң сақта!» атты тақырыпта мектеп инспекторы Ж.Бидахмет баяндама оқып, жол ережелерімен таныстырды. Қауіпсіздік ережелерін сақтап жүруге шақырды. Мектебіміздің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі С.Темирханұлы «Терроризм және діни экстремизм» тақырыбында баяндама оқыды. Терроризмнің алдын алу ережелері, мақсат-міндеттері туралы таныстырылды. Тақырып негізінде видеороликтер көрсетілді. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны