«Нұр әлем сферасы-Болашақ энергиясы» мұражайы
2018 ж. 08.02. күні №15 мектеп-лицейінің 9-10 сынып оқушылары «Нұр әлем сферасы-Болашақ энергиясы» мұражайында болып қайтты.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өлкетану» базалық бағыты бойынша Білім басқармасы «ЕХРО-2017» көрмесіне баруды оқушылар үшін тегін ұйымдастырды.
«Болашақтың энергиясы» тақырыбындағы EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған 8 қабаттан тұратын көрме туралы мағұлматтарды оқушылар бар ынталарымен тыңдап, өз көздерімен көрді.

Дамыған елдердің энергияның балама көздерін іздеудегі бағыт-бағдарлары, жетістіктері, жаңа техника мен технология жетістіктері туралы мағұлматтарды оқушылар саналарына сіндіре білді.
Оқушыларға «Нұр әлем сферасы-болашақ энергиясы» мұражайы өте қатты ұнады.
Осы іс-шараны ұйымдастырған Білім басқармасы мен қала әкімділігіне алғысымыз шексіз!

Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии