Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Бірлік» қауымдастығы «Табысты мектеп-нәтижелі басқару кепілі» тақырыбында республикалық тәжірибелік семинар өткізді.

       Білім берудің жаңа сапасын арттыру-мемлекет басшысының биылғы Жолдауында жүктеген тапсырмалардың бірі.  «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы.    
      Елбасының жолдауын жүзеге асыру мақсатында 27ақпан күні мектебімізде №41 орта мектебі, № 61 орта мектебі, №65 мектеп-гимназиясының «Бірлік» қауымдастығы «Табысты мектеп-нәтижелі басқару кепілі»  тақырыбында  республикалық тәжірибелік семинар өткізді.  Семинарға Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Ә.Жангозин, Білім басқармасының әдіскерлері,  «Жаңа жасыл технология» компаниясының өкілі, «КазРоботикс» РҚБ федерациясының президенті, АҚШ елшілігінің Қазақстандағы Білім кеңесшісі, «Amrrikon Gorner and Moker space Astana» өкілі,  Республика бойынша  мектеп басшылары, Астана қаласы мектептерінің  басшылары, әдіскерлері қатысты.
     Семинар барысында қадірменді қонақтар мерейлі мектебіміздің 10 жылдығын, әлем мойындаған көрікті Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын, «Бірлік» серіктес мектептердің жұмысының бастамасына арқау болар ракета ұшырылуының куәсі болды.
    Оқушылар келген қонақтарды мектеп тынысымен таныстырды: «Жас зерттеушілер», «Оқырман ортасы», «Жолда жүру ережесі», «Мектеп- оқушы- ата-ана», «Астана –адалдық алаңы», «Ел жүрегі-Астана», «Шығармашылық көрме», «Мектептегі инновациялық жобалар», «Жас мамандар мектебі», «Галаграмма» жобасы.
       Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Ә.Жангозин игі басстамаға сәттілік тілей отырып, мектебімізде тұңғыш ашылған «Ракета модельдеу»,  «Аэропоника» ғылыми зертханасының тұсауын кесті.    
     «Ашық алаң»  айдарында «Жаңа жасыл технология» компаниясының өкілі, «КазРоботикс» РҚБ федерациясының президенті, АҚШ елшілігінің Қазақстандағы Білім кеңесшісі, «Amrrikon Gorner and Moker space Astana» өкілі,  мектебіміздің қамқоршылар кеңесінің төрайымы, «Өзін –өзі басқару» ұйымының оқушылары, «Бірлік» кәсіби қоғамдастығының директорлары жүргізіліп жатқан  жұмыстар жайлы әңгімеледі.
   «Тиімді жоспарлау – нәтижелі сабақ кепілі» айдарымен сыныптарда серіктес мектептердің мұғалімдері  шебер сабақтар өткізді.
«Басқару кілттері»  айдарында мектеп басшылары «Басқару үдерісі», оқу ісінің орынбасарлары «МІБ-ға жаңаша көзқарас», ғылыми әдістемелік орынбасарлар
«Оқытудағы іс-әрекеттегі зерттеудің өзекті мәселелерін» талқыға салды, тәрбие орынбасарлары «Тәрбие діңгегі: үштік одақ мәселесі» тақырыбында коучинг өткізді.
     «Еркін микрофон» айдарында кері байланыс жасалды. Семинарға қатысушы қонақтар  іс-шараның жоғары деңгейде өтілгенін айта келе, алдағы жұмысымызға сәттілік тіледі.  

      
   


      


     

    

   

   

    

    

   

    

  

   

   



 
 

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны