№15 мектеп – лицейінде Республикалық «Қамқорлық» акциясы аясында өткізілген іс-шараға ақпарат
Қазақстан Республикасы бойынша білім ордаларында 10 қаңтардан 10 ақпан аралығында "Қамқорлық" акциясы өтуде.
2018 жылыдың 05.02. күні №15 мектеп-лицейінде Республикалық «Қамқорлық» акциясы аясында «Қол ұшыңды бер!» ұранымені іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты: мектеп табалдырығында білім алып жүрген жасөспірімдерге көңіл бөліп, әлеуметтік жағыдай төмен, ата-анасының қамқорынан ерте айырылған балаларға көмек көрсету.
Осы іс-шараға қатысқан директордың ғылыми ісінің орынбасары Ардақ Ашықпайқызы, директордың тәрбие ісінің орынбасары Ғалия Молдатайқызы, Қамқоршылық кеңесі, Әкелер кеңесі, мектеп ұжымы, ата-аналар әлеуметтік жағдайы төмен, жетім, көпбалалы отбасына көмек көрсетіп, жүрек жылуымен бөлісіп, өз лебіздерін білдірді.
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері Айгүл Маратқызы, Нина Васильевналар оқушыларға қысқы жылы киімдер табыс етті.
Қамқоршылық кеңесінің тарабыннан оқушыларға 200000 тн.көлемінде көмек берілді.
Іс-шарамыз «Қазақстан» телеарнасының қолдауымен түсіріліп, 5 ақпан күні халыққа көрсетілді.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии