Мектебіміздің салтанат залында қалалық ардагерлер кеңесінің құрылғанына 5 жыл толуына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде «Қарттарым – асыл қазынам» атты кеш өтті. Іс-шараға Көктал кентінде орналасқан қарттар үйінің ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелері қатысты. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шабкенова Самал Жамалиевна мен өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Есенбаева Роза Түзелбайқызы көрермендерге қарттарды құрметтеу керектігін айтты. Мектебіміздің өнерпаз оқушылары тамылжыта ән салып, жырдан шашу шашып, күмбірлете күй шертіп, қарттарға жақсы көңіл-күй сыйлады. Кешке қалалық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған «Арқа әуендері» зейнеткерлер тобы келіп, халық әндерін нақышына келтіріп орындады. Қарттарымыздың өнеріне сүйсінген оқушылар орнынан тұрып қошемет көрсетті. Зейнеткерлердің жетекшісі Жанұзақова Кенжетай Ергалиевна мектеп ұжымына алғысын білдірді.