Отбасы мен мектеп арасындағы байланысты арттыру мақсатында бүгін мектебімізде ата-аналарға ашық есік күні өтті. Ата-аналар жалпы мектептің тыныс-тіршілігімен танысып, топ-топқа бөлініп үйірме жұмыстарына қатысты. Пән мұғалімдері ата-аналармен тікелей сөйлесіп, сұрақтарына жауап берді. 5-7 сыныптардың әкелері арасында волейбол ойынынан жарыс ұйымдастырылып, әкелер, оқушылар, мұғалімдер арасында тартысты ойын өтіп, нәтижесінде І орынды 6 сыныптардың әкелерінен құралған команда иеленсе, ІІ орынды оқушылар командасы, ІІІ орынды 5 сыныптар алды. Үздік ойыншылар арнайы номинациялармен марапатталып, жеңімпаздарға кубоктар берілді. Соңында үйірме жұмыстарының есеп беру концерті өтті. Мектеппен толықтай танысқан ата-аналар мектепке тек биік шыңдардан көрінуіне тілектестіктерін айтып, ризашылықтарын танытты. Ұстаздарымызға осындай жұмыстардан кейін тек шығармашылық табыстар тілейміз. Таланатты балалар өте көп, сол талантты аша білетін ұстаздар жасай берсін.


Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны