2018 жылдың 24-ақпан күні Астана қалалық №38 мектеп-лицейінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында белгіленген маңызды бағыттарды талқылауға арналған кездесу өтті.
Астана қаласы Әкімшілігі мен Білім басқармасы және Еуразия Ұлттық университетінің ұйымдастыруымен өткен шараға мектебіміздің 8-11 сынып оқушылары мен мұғалімдер қатысып, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің аға оқытушылары С.И.Исаев пен Б.Әліпбай кездесу барысында бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына ену үшін мәдениетті дамыту және халықтың тарихи мұрасын сақтау қажеттігін айтты.
Сонымен қатар, «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Білімнің салтанат құруы», «Сананың ашықтығы» тараулары бойынша да тұшымды әңгіме қозғалып, таяу жылдардағы міндеттерге, атап айтқанда, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру, «Туған жер», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» тағы басқа мәселелер негізгі тақырып арқауына айналды.
![]() |
![]() |
![]() |
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны