Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі
«Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады.» - деп Елбасымыз айтқандай, бүгінгі жастарымыздың Отанға деген, Жерге деген махаббаты сүйсіндіреді. Жанарынан Ел мен Жерге деген махаббат оты жалындап тұратын сондай жас ұрпақтың бірі Астана қаласы 61 орта мектебінің 6 сынып оқушысы Тәліп Мұстафа. Мұстафа болашағынан зор үміт күттіретін жеткіншек.
Күні кеше, қаңтар айында Дзюдо күресінен Ресей Федерациясы Омск қаласында халықаралық турнир өткен болатын. Сол додада Мұстафа ел үмітін ақтап, жүлделі І орынға ие болып, чемпион атанды.
«Ел ерімен мақтанады» демекші, дүйім қазақтың мақтанышы болып, бағың мен бабың қатар шапсын! Біз саған сенім артамыз!Жүлде құтты болсын!



Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны