Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 29 жыл толуына орай акт залында 10-шы сыныптар арасында ерлік сабағы өткізілді
14.02.2018 ж. Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 29 жыл толуына орай акт залында 10-шы сыныптар арасында ерлік сабағы өткізілді. Сабаққа ауған соғысының ардагері Аршкенов Ерлан Майшураұлы қатысты. Сабақ әңгіме, сұхбат, толғану түрінде өткізілді. Ауған соғысының ардагері Аршкенов Е.М. Ауғаныстан соғысындағы оқиғалар туралы айтып берді, тәжірибесімен бөлісті, оқушылар қойған сұрақтарға жауап берді. Ауған соғысының ардагері өскелең ұрапаққа бейбіт аспан, аға буынның жақсы дәстүрлерін мұра етуді, өз Отанының патриоты болуды тіледі.
Сабақ соңында салтанатты түрде 10-шы сынып жасөспірімдеріне Астана қ. қорғаныс істері жөніндегі Департаментінен әскери қызметке жарамды дәрежесі туралы тіркеу куәліктері тапсырылды.