2018 жылдың 31 қаңтарында №6 гимназияда Холокост құрбандарын еске алуға арналған салтанатты іс-шарасы өткізілді.
Ағылшын тілінің сөзі «Холокост» иврит тілінен «Шоа» деген сөзді берсе, «апат» деген мағынаны білдіреді. Холокост еврей алқы үшін ғана емес, барлық адамзат үшін үлкен қайғы болды. Сондықтан, сол күннің құрбандарын еске алу мен оларға құрмет көрсету бізді үлкен жауапкершілікке тартады. Бұл еске алуды жоғалтпауымыз керек, себебі ол қайтадан өткен қателерге әкелуі мүмкін. Сондықтан 2009 жылдан №6 гимназияда Холокост құрбандарын еске алу күні дәстүрге айналды. Іс – шарада сөз сөйлеген Израиль мемлекетінің Төтенше мен Өкілетті елшісі Михаэль Бродский мырза: «Бүкіл әлем Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында нацисттердің қолынан құрбан болған 6 млн еврей туралы еске түсіреді. Өз жерінде талай еврейлерді паналаған қазақ халқына алғысын айтты. Әдеби-музыкалық қойылымды ұйымдастырған қатысушыларға шексіз алғысын білдірді.
Болгария Республикасының Төтенше мен Өкілетті елшісі Васил Петков мырза іс-шараға қатысқан барлық қатысушылардың жоғары кәсіптілігін атап, гимназия директоры Т.К.Крылова және оқушыларға алғыс білдірді. Ол: «Болгария елі соғыс уақытында бұл аймақта тұрған 50000 еврейлерді құтқарған жалғыз елдердің бірі екенін мақтан етеді. Осы жан түршігерлік қылмысты қайталанбау үшін, адамдар осының барлығын есте сақтап, енжар адам болмауы тиіс» туралы айтты.
Іс-шараны гимназия президенті Иван Нечаев «Мүмкін, соғыс болмаған» өлеңімен бастады. Қатысушылар «Сүйгендерден айырылыспаңдар» өлеңіне қойылған биді, «Жол-жол пижамадағы ұл бала» фильмнен үзіндіні, концлагерьдегі әйелдердің жұмысын, М.Джалильдің «Айуандық» өлеңіне жазылған композицияны тамашалады. Тутаева С.Б. жетекшілігімен хор «Бухенвальд набаты» шығармасын орындады.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны