Меню KDT

Новости

Главная Новости

№6 гимназияда өткізілген «Донор күні»

2018 жылдың 6 ақпанында  «Донор күні» өткізілді. Бұл күн Республикалық  «Қамқорлық» акциясы шеңберінде, «Өмір сыйла» атты ұранмен №6 гимназияда дәстүрге айналған іс-шаралардың бірі.  Үшінші жыл қатарынан бұл іс-шара гимназия аумағында Астана қаласының  Ғылыми-зертеушілік трансфузиология  орталығымен бірге атқарылады.  

Гимназияның акт залында қан орталығының қызметкерлері донорларды қабылдау пунктін орналастырды, өз еркімен ата-аналар және  гимназияның қызметкерлері донор болған. Акт залында психологиялық ахуал керемет болды, баяу әуен ойнап тұрды. Келген донорлар сауалнама толтырды, тіркеуден өтті, жеке тұлғасын айқындайтын төл құжаттарын көрсетіп, алғашқы қан құрамын анықтау, гемоглабинді қарау, дәрігердің тексерісінен  өтті. Донорлық қанды дайындау аймағында бактерицидтік шамдар үнемі жанып тұрды, 4 қозғалмалы донор орындықтары орнатылды. Қан тапсырып болған соң барлық қатысушылар қан тапсырғандығын растайтын, төленетін демалысқа кепіл болатын анықтама және гимназия директорының алғыс хатына ие болды. Көптеген ата-аналар өздерімен балаларын ала келіп, олардың жүрегіне қайырымдылық пен біреудің өмірін сақтағысы келетіндіктері туралы тілектерін көрсеткісі келді.

Ата-аналар мектеп әкімшілігіне, қан орталығының қызметкерлеріне үлкен алғыс  білдірді.  Өткізілген «Өмір сыйла» акциясы  ұжымдық іс-шаралар ата-анамен баланы, мектеп пен ата-ананы , баланы жақындататынын тағы да дәлелдеді.

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны