Меню KDT

Новости

Главная Новости

Өмір мен уақыт. Ақын мен кездесу

Өмір мен уақыт. Ақын мен кездесу

2018 жылдың 16 ақпаны күні №8 орта мектептің 6-8 сынып оқушылары арасында Торғай өңірінің тумалары, екеуі де талант иесі, бірі ақын болса, бірі әнші , халық арасында зор қошеметке ие азаматтар Саят Әбенов пен Шахаризат Сейдахметпен  «Өмір мен уақыт» атты кездесу кеші болып өтті. Қазақ қоғамына айтыскер ақын ретінде танылған , бүгінгі күннің реалист ақын Саят Әбенов оқушыларға әр алуан тақырыптарда өлеңдерін оқып өз ойымен бөлісті.  Қазіргі таңда мектебіміздің аға тәлімгері А.Маратов  Саят ақынның сөзіне жазылған «Өлшеулі өмір» атты термесін орындаса , өзінің қоңыр үнімен ерекшеленетін , Қазақстан дауысы жобасының жеңімпазы Шахаризат Сейдахмет әуелете ән салды. Кеш соңында мектеп директоры Арай Аукенқызы Мухаметжанова  кеш қонақтарына арнап сыйлықтар табыс етті. Соның бірі Саят ақынның көптеген жыр жинақтарыңыз шыға берсін деген ниетпен өз шығармашылығынан өлеңдер жинағын кітап етіп жасаған тартуы болатын. Кездесу кешінің ұйымдастыру жауапкершілігі бірлескен ұжымға : аға  тәлімгер А.Маратов,педагог-ұйымдастырушы М.Төлентай, қазақ тілі пәнінің мұғалімі  М.Ермағамбетова мен бірлестік мұғалімдеріне жүктелді. Сонымен қатар, естелік ретінде мектеп ұжымы ақындармен суретке түсіп, оқушылар қолтаңба алды.


           


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны