Астана қаласы Білім басқармасының 10 қаңтар 2018 жылғы №11 жалпыға міндетті оқу айлығы мен «Қамқорлық» акциясын өткізу туралы хатын негізге ала отырып, 2018 жылдың 10 қаңтары мен 10 ақпаны аралығында дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінде «Мейірбандылық - жүректен, қайырымдылық – білектен» атты тақырыппен «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өткізілді. «Қамқорлық» акциясының өткізу барысы мен жоспары мектеп ұжымына таныстырылды. Акция бойынша мектепішілік бұйрық шығарылып, іс - шаралар жоспары жасалды.

Мектебімізде ата-ана, оқушылар және мұғалімдер мен бірлесіп «Қуаныш сыйла» қайырымдылық акциясы өтті. Бұл жобаға 12 сыныптың ата -аналары белсенді түрде ат салысты. Аталған іс - шара бойынша бірнеше азық-түлік, ойыншықтар, оқулықтар, тәттілер көбірек жиналды. Топ болып жиналған сыйлықтарды мектеп директоры Ә.Ж.Жәнібековамен бірге мұғалімдер, әлеуметтік педагог және мектебіміздің президенті, мектеп белсенділері болып, біздің мектеппен серіктес мектептердің (№34,№35,№56,№80) отбасы жағдайы төмен және көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға сыйлықтар таратылып берілді. Бұл іс-шара жетекші мектептердің басқа да серіктес мектептермен тығыз достық байланыс орнатуының, тәжірибе алмасуының негізі болды.
Мектеп директоры Әлия Жәнібекқызы №34 орта мектеп оқушыларына сыйлық беру сәті

Әлеуметтік педагог және мектеп президенті №80 мектеп гимназия оқушыларына сыйлық тапсыру сәті
Жомарттық – адамың ең тамаша қасиеттерінің бірі. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу – өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Олай болса, шын жүректеріңізден жасаған жомарттықтарыңыз сіздерді қуанышқа бөлесін. Осы балалардан қоғамның тұлғасы болар білімді, тәрбиелі, мәдениетті азаматтар шығуына аз да болса қарлығаш көмектеріңізді бергендеріңізге ризашылығымызды білдіреміз деп ата-аналар жылы лебіздерін, рақметтерін жеткізді.
«МЕЙІРІМДІЛІК – АСЫЛ ҚАСИЕТ» тақырыбында 8 «А» сынып оқушылары тәрбие сағатын өткізді. Сынып жетекшісі Ж.К.Кушунова.
Мақсаты: Баланың бойына рухани - адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бір - бірімен қарым-қатынастарын жақсарту, оларды адамгершілікке, имандылыққа, шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ –жауап, әңгімелеу.
Көрнекі құралдар: слайд-презентация, бейнефильм Оқушыларды ата-ананы сыйлауға, құрметтеуге үйрету, балалардың «мейірімділік», оқушыларға ананың қоғамдағы, өмірдегі, ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы түсінік беру, «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, мейірбандылыққа тәрбиелеу.


Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесі - мейірімділікке, қайырымдылыққа, өзара көмек көрсетуге бағытталған адамдағы ізгіліктік құндылықтарды ашуды көздейтін мектептің ең маңызды міндеті оқу-тәрбие үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Мектеп психологы Аманжол Ж.М. 8 - сынып оқушыларымен «Жақсы мінез-жан азығы» тақырыбында тренинг өткізді.
Тренинг мақсаты: оқушылардың өзара жағымды қарым-қатынас жасауына, шығармашылық қабілеттерін арттыруға, ішкі қатаюдан арылып, жағымды сезімдерін дұрыс қалыптастыруға жағдай жасау.
Тренингке өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Бірмағанбетова Ә.Ә. және 8-сыныптың 15 оқушысы қатысты.
«Дені сау сәби әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби - халықтың болашағы,
Отанының сенімді тірегі».
Н.Назарбаев
Астана қаласы Дарынды балаларға арналған № 9 «Зерде» мектебінде 07.02.2018 жылы өзін-өзі тану пәні мұғалімі Бірмағанбетова Ә.Ә. «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында «Рухани-адамгершілік-Ізгілік нұры» тақырыбында оқудан тыс іс-шара өткізді.
Іс - шараға «Қайырымдылық-жылы жүректен «Қуаныш сыйла»» акциясы аясында қаланың №34,35,80 (серіктес) мектептерінен және №9 ДБА «Зерде» мектебінен көп балалы отбасы оқушылары мен мұғалімдері қатысты. “Бұл әлемде данышпанның алдында бас иіп, қайырымдылықтың алдында тізе бүгу керек.”
В. Гюго
Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесі - мейірімділікке, қайырымдылыққа, өзара көмек көрсетуге бағытталған адамдағы ізгіліктік құндылықтарды ашуды көздейтін мектептің ең маңызды міндеті оқу-тәрбие үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Іс-шараның өту барысы
1. Танысу.
2. «Сіз білесіз бе?» қызықты сұрақтар мен ойындар.
3. Оқушыларды ізгілікті іс–«Кереметтерді тани» білуге баулу мақсатында «Менің 7 кереметім» шығармашылық шаттығын ұйымдастыру.
4. Ойын «Достық торы».
5. «Досыма сыйлық» айдары.
6. «Достарым» әні.
7. Рефлексия, оқушылардың көңіл-күйі, алған әсерлері, сезімдері / ой бөлісу/
8. Іс-шараға белсене қатысқандарға ризашылық білдіру, алғыс айту.
Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады.
Ал арлы, ақылды адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтанды білмейді және істемейді. Осы үшеуінің басы қосылса, адам жақсы өмір сүріп, бірімен бірі тату тұруында сөз жоқ.
.jpg?_t=1519640571)
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Бірмағанбетова Ә.Ә.
.jpg?_t=1519640571)
№34, 35 мектеп мұғалімдері оқу ісі меңгерушісі Байулова Г.С.

Қонақ оқушы №80 мектептен әлеуметтік педагог
Іс-шара мектебіміздің әлеуметтік педагогы Тасболатова К.М. және №34,35 мектептердің өзін-өзі тану мұғалімдері мен № 80 мектептің әлеуметтік педагогының қолдауымен жоғары деңгейде өтті.
Рефлексия барысында келген қонақ оқушылар мен ұстаздар іс-шараның жақсы ұйымдастырылғаны, жоғары деңгейде өткені, жағымды әсер алғандары, көңіл-күйлерінің көтерілгендері, достық қарым-қатынастың артуына мүмкіндік жасалғаны жәйлі ризашылықтарын білдірді.
Мектебіміздің төменгі қабатында Сурет, қол өнері бойынша балалар өз қолдарымен жасаған әр түрлі материалдардан «Ана», «Әлем», «Достық», «Мейірімділік» туралы шығармаларын тапсырды. Балалардың шығармашылық жұмыс көрмесі: суреттер; открытка; әртүрлі материалдардан қолөнері; «Ана», «Әлем», «Достық», «Мейірімділік» туралы.

Мектебіміздің кітапхана меңгерушілері Ш.Е.Әбдіхалықова мен П.Т.Тасболатова «Мейірім төгетін ана» атты көрме ұйымдастырды. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды – демекші мектеп әкімшілігі және мектеп ұжымы, ата-аналар, оқушылар мен сынып жетекшілердің демеушілігімен өткен іс-шара өз деңгейінде атқарылды. Акцияға байланысты өткен іс – шаралар суретке түсіріліп, мектеп сайтына салынды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны